Іздену, тімтіну, шұқыну

lat: İzdený, timtiný, shuqyný

Бір нәрсені білуге талпыну, талаптану, тырысу.

Ол тоқырап, бір орнында тұрып қалған адам емес, творчестволық оқу, іздену жолында (С. Мәуленов).

Абай орысша жазылған кітап, әңгіменің көп жерлерін тімтінудің арқасында өздігімен ұғатын болған (М. Әуезов).

Баймырза үйінен шықпай, көр-жерді ермек қылып шұқына беретін (С. Мұқанов).